Қазақстан 15 ислам елінен тұратын G-20 үлгісіндегі топ құруды ұсынды
Қазақстан Президенті ислам әлеміндегі ғылым мен экономиканы ілгерілету үшін исламдық дамыған елдердің G-20 үлгісіндегі тобын құруды ұсынды.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев жексенбі күні Ислам Ынтымақтастық Ұйымына мүше елдер басшыларының Астанадағы ғылым мен технология саласындағы саммитінің ашылу отырысында: «Ислам әлеміндегі ғылым мен экономиканы кеңейту үшін «G-20» сынды топ құру керек деп ойлаймын»,- деді.
Қазақстан Президенті мұндай топтың құрылуының маңыздылығына тоқталып: «Ғылым мен технологияны дамыту біз үшін өте маңызды. Сондықтан, басқа елдермен пайдалы ынтымақтастықты кеңейту қажет. Ынтымақтастық пен технологиялық тұрғыдан алға ілгерілеу ислам әлемінің дамуына көмектеседі. Ислам мен басқа діндердің қарым-қатынастарын кеңейтуіміз керек. Осыған орай осындай басқосулардың көбірек өткені жөн»,- деді.