Исламдық даму банкінің президенті Қазақстанның Премьер-министрімен кездесті
Исламдық даму банкінің президенті Астанада Қазақстанның Премьер-министрімен кездесіп, пікір алмасты.
«Фарс» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Исламдық даму банкінің президенті Бандар әл-Хаджар Қазақстан сапарында елдің Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевпен кездесіп, экономикалық қарым-қатынас және тағы да басқа мәселелер туралы пікір алмасты.
Кездесуде екі жақ экономикалық қарым-қатынастарды тереңдету, «Бір белдеу, бір жол» экономикалық стратегия аясындағы ынтымақтастық және 2020 жылға дейінгі Орталық Азия елдері үшін Исламдық даму банкінің арнайы бағдарламасына қатысты жобаларын іске асыру мәселелерін талқылады.
Ғылым мен технология және инновация қоры мен штаб-пәтері Астанада орналасатын «Азық-түлік қауіпсіздігі бойынша ислам ұйымын» құру жобалары және исламдық қаржыландыру индустриясын дамыту тұрғысынан «Астана» халықаралық қаржы орталығының өңірлік бөлмесін құру Исламдық даму банкінің президенті мен Сағынтаевтың кездесуінде қарастырылған келесі мәселелердің қатарын құрады.