Мьянмадағы қатыгездікті доғару – Ислам елдері басшыларының Астана отырысындағы талабы
Ислам елдері басшыларының мәлімдемесінде Мьянмада қатыгездікті доғарып, гуманитарлық көмек жіберу, сондай-ақ босқындардың жағдайын қарастыру қажеттігі қуатталды.
IRNA ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша Ислам елдерінің басшылары Астанада өткен Ислам Ынтымақтастық Ұйымының Ғылым және технологиялар жөніндегі саммитінде Мьянмадағы босқындардың жағдайын қарастырып, Мьянма үкіметінің қорғансыз рохинья мұсылмандарына қарсы қылмыстары мен қатыгездіктеріне алаңдаушылық білдіріп, Мьянма әскерилерінен осы аймақтың мұсылмандарына қарсы шабуылдарын дереу тоқтатуды талап етті.
Сондай-ақ, мәлімдемеде Астана саммитіне қатысушы Ислам елдерінің басшылары Мьянмадағы зардап шегушілер мен босқындарға гуманитарлық көмек жіберу ісінің ислам елдерінің ықпалдастығымен ұйымдастырылуы қажеттігін қуаттады.