Қазақстан мен Ауғанстан әскери салада ынтымақтастық жасауға келісті
Ауғанстан Президентінің елінің әскери жабдықтарын жөндеу туралы өтінішіне Қазақстан үкіметі әзірлігін жариялады.
"Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанидің өтінішінен кейін бұл елмен әскери жабдықтарын жөндеу бойынша ынтымақтастық жасайтын болды.
Бұдан бұрын Ауғанстан басшылары Ауғанстанның әскери жабдықтарын жөндеу үшін Ресей және Үндістанмен де ынтымақтастық жасайтыны туралы хабарлаған болатын.
Ашраф Ғани мен Назарбаев Ислам Ынтымақтастық Ұйымы саммитінің аясында сауда және ғылым саласындағы байланыстар мен ортақ мәселелер туралы пікір алмасты. Сонымен бірге бұл кездесуде темір жол салу, сауда қарым-қатынастарын арттыру мен екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық тақырыбы қуатталды.
Ауғанстан мен Қазақстан басшылары өткен жылы да Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында лаңкестікпен күресу, қауіпсіздік саласында ортақ ынтымақтастық пен сауда қарым-қатынастарын кеңейту туралы сөйлескен болатын. Қазақстан бұдан бұрын Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісіне де қолдау танытты.