Қазақстан Ауғанстанның әскери жабдықтарын жөндеуге келісті
(last modified Tue, 12 Sep 2017 09:32:29 GMT )
Қыр 12, 2017 15:32 Asia/Almaty
  •  Қазақстан Ауғанстанның әскери жабдықтарын жөндеуге келісті

Ауғанстан Президентінің елінің әскери жабдықтарын жөндеу туралы өтінішіне Қазақстан үкіметі әзірлігін жариялады.

"Тасним» ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстан Президенті Ашраф Ғанидың өтінішінен кейін бұл елмен әскери жабдықтарын жөндеу бойынша ынтымақтастық жасайтын болды.

Бұдан бұрын Ауғанстан басшылары Ауғанстанның әскери жабдықтарын жөндеу үшін Ресей және Үндістанмен де ынтымақтастық жасайтыны туралы хабарлаған болатын.

Ашраф Ғани мен Назарбаев Ислам Ынтымақтастық Ұйымы  саммитінің аясында сауда және ғылым саласындағы байланыстар мен ортақ мәселелер туралы пікір алмасты. Сонымен бірге бұл кездесуде темір жол салу, сауда қарым-қатынастарын арттыру мен екі елдің жоғары оқу орындары арасындағы ынтымақтастық тақырыбы қуатталды.

Ауғанстан мен Қазақстан басшылары өткен жылы да Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясында лаңкестікпен күрес, қауіпсіздік саласында ортақ ынтымақтастық пен сауда қарым-қатынастарын кеңейту туралы сөйлескен болатын. Қазақстан бұдан бұрын Ауғанстандағы бейбітшілік үдерісіне де қолдау танытты.

Қазақстан Орталық Азия елдерінің арасында стратегиялық рөл атқаруды көздеп отыр деген ой туады. Қазақстан – Орталық Азия республикаларының арасындағы ең үлкен мемлекет. Бұл ел аймақ және аймақтан тыс мемлекеттермен қарым-қатынастарын арттыруға талпыныс жасауда. Сонымен бірге экономикалық тұрғыдан дамып, әлеммен қарым-қатынасын нығайтуды мақсат етуде. Аймақ қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қорғау да Қазақстанның басты мәселелерінің біріне айналды. Осыған орай Қазақстан Ауғанстанда бейбітшіліктің орнатылуына атсалысып, осы елге қолдау көрсетпек. Осылайша Ауғанстандағы лаңкестік топтардың Орталық Азияға енуіне тосқауыл қоймақ. Бұдан бұрын Ауғанстанда АҚШ әскери күштерінің саны азайған кезде сол елдегі Қазақстан елшілігі Ауғанстанның экономикалық және әлемуметтік инфрақұрылымдарын қайта құруға көмектесуге дайын екені туралы да мәлімдеген болатын. Айта кететін жайт, Қазақстан аймақ жетекшісі болу үшін маңызды қадамдар жасап, бұл жауапкершілікті қабылдауға да әзір. Қазақстан аймақтың барлық мемлекеттері үшін аймақтың тұрақтылығы мен жан-жақты дамуын көздейтінін көрсетуге күш салуда. Орталық Азияға салынған шетелдік инвестициялар мен Қытайдың «Жібек жолы» және Қара теңізге шығатын «Каспий теңізі коридоры» сынды жобалармен Қазақстанның жағдайы күшейді. Қазақстанның Орталық Азияға басшылық етуі  аймақтың экономикалық даму перспективасына байланысты. Бұл мәселе аймақтан тыс алпауыт елдердің басшылық ету бәсекелестігінің жанындағы аймақтық жан-жақты ынтымақтастықты қажет етеді.