Қазақстанның ураны Біріккен Араб Әмірліктеріне жөнелтіледі
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i30687-Қазақстанның_ураны_Біріккен_Араб_Әмірліктеріне_жөнелтіледі
«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК болашақта Біріккен Араб Әмірліктеріне уран жеткізуді мақсат етіп отыр.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 12, 2017 19:32 Asia/Almaty
  • Қазақстанның ураны Біріккен Араб Әмірліктеріне жөнелтіледі

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК болашақта Біріккен Араб Әмірліктеріне уран жеткізуді мақсат етіп отыр.

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК-ның мәліметтеріне сәйкес,  «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ мен Emirates Nuclear Energy Corporation (ENEC, БАӘ) компаниясы арасында бейбіт мақсаттағы атом қуаты саласында әріптестік жасау жөнінде меморандумға қол қойылды. Бұл меморандумда табиғи уранды Біріккен Араб Әмірліктерінің атом электр стансаларына жеткізу, Қазтомөнеркәсіптің өндірістік мүмкіндіктерін отын жасауға пайдалану,  сондай-ақ,  Қазақстан мен БАӘ арасында жаңа ядролық нысандар салуда өзара қолдау көрсету қарастырылған.