Астанада Сирия мәселесіне арналған келіссөздер басталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i30767-Астанада_Сирия_мәселесіне_арналған_келіссөздер_басталды
Бүгін Қазақстанның елордасы Астанада Иран мен Ресей және Түркияның басшылығымен Сирия келіссөздерінің алтыншы кезеңі басталды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 14, 2017 18:08 Asia/Almaty
  • Астанада Сирия мәселесіне арналған келіссөздер басталды

Бүгін Қазақстанның елордасы Астанада Иран мен Ресей және Түркияның басшылығымен Сирия келіссөздерінің алтыншы кезеңі басталды.

ИРНА-ның хабарлауы бойынша, Астана келіссөздері шеңберінде Ресей президентінің Сирия істері жөніндегі арнайы өкілі Александр Лавреньтевтің басшылығындағы делегация мен Сирия істері жөніндегі БҰҰ Бас хатшысының өкілі Стаффан де Мистура арасында келіссөздер өтті.

Интерфакс хабар агенттігі келіссөздерге қатысушы бір басшының сөзіне сілтеме жасап, Ресей делегациясының Стаффан де Мистурамен кездесуден кейін америкалық делегациямен келіссөз өткізетінін айтты. Астана отырысының бұл кезеңі екі күн өтеді. Негізгі отырыс ертеңге жоспарланған. Сирияның Идлиб облысында қауіпсіз төртінші аймақ құру – Астанада өтіп жатқан Сирия отырысының алтыншы кезеңінің басты тақырыбы. Астанадағы Сирия келіссөздеріне Иран мен Ресей және Түркия делегацияларымен бірге Сирияның үкіметтік делегациясы мен қарсыластарының өкілдері, Қазақстан қабылдаушы тарап ретінде, сонымен қатар БҰҰ-ның делегациясы мен бақылаушы мемлекеттер қатысып отыр.