Қазақстан Президенті Өзбекстанға іс-сапармен барды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i30817-Қазақстан_Президенті_Өзбекстанға_іс_сапармен_барды
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеёвтің шақыруымен екі күндік сапармен Ташкентке барды.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 16, 2017 21:07 Asia/Almaty
  • Қазақстан Президенті Өзбекстанға іс-сапармен барды

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиеёвтің шақыруымен екі күндік сапармен Ташкентке барды.

Сапар аясында Өзбекстан мен Қазақстанның саяси-экономикалық, сауда, инвестиция, жүк тасымалдау, мәдени-гуманитарлық салалары бойынша әріптестікті одан ары дамытудың келешегі сарапталып, талқыланады.

Сондай-ақ, кездесудің соңында екі ел басшыларының ортақ мәлімдемесі, Өзбекстан мен Қазақстан арасындағы жан-жақты достық қарым-қатынастарды дамытуға негізделген екіжақты құжаттарға қол қояды.

Қазіргі таңда Өзбекстанда 230 компания Қазақстан инвесторларының қаражатымен, сондай-ақ, Қазақстанда 130-дан аса компания Өзбекстан инвесторларының қаражатымен жұмыс істеп жатыр.

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы 2017 жылдың алғашқы алты айында 2016 жылдың бірінші жартысымен салыстырғанда 11,4 пайызға, яғни 953 млн долларға өсті.