Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігі Қырғызстан үкіметінің наразылығын негізсіз деп атады
Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігі Қырғызстан Сыртқы Істер Министрлігінің осы елдің президенттігіне үміткерлерінің бірінің Назарбаевпен кездесуіне қатысты наразылық нотасын негізсіз деп атады.
«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігі Қырғызстан Сыртқы Істер Министрлігінің президенттікке үміткер Өмірбек Бабановтың Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуін осы елдің сайлау үдерісіне ықпал ету бағатындағы талпыныс деп атаған наразылық нотасына жауап беріп: «Қазақстан Қырғызстан СІМ-не құрмет білдіріп, Бішкектің танымал екі саясаткердің кездесуіне қатаң реакция білдіруіне таңданыс білдіреді. Қазақстан президентінің әртүрлі елдердің саяси белсенділері мен саяси партияларының басшыларымен кездесулері қонақтардың өтінішімен тұрақты түрде өтіп тұрады. Қазақстан СІМ Назарбаевтың кездесудегі сөзін бұрмалауды айыптайды. Себебі, кездесу барысында президент Қырғызстанның ешбір үміткеріне қолдау танытқан жоқ. Мұнымен қатар Қазақстан президенті сайлауда жеңіске жететін кез келген үміткермен серіктестік жасау жолдарын табу керектігін қуаттады» деп жазды.