Қазақстан Республикасында Каспий теңізі жағалауы елдерінің Халықаралық жастар форумы аяқталды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i31055-Қазақстан_Республикасында_Каспий_теңізі_жағалауы_елдерінің_Халықаралық_жастар_форумы_аяқталды
Каспий теңізі жағалау елдерінің Халықаралық жастар форумы Қазақстанның Маңғыстау облысының Ақтау қаласында өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 24, 2017 09:48 Asia/Almaty
  • Қазақстан Республикасында Каспий теңізі жағалауы елдерінің Халықаралық жастар форумы аяқталды

Каспий теңізі жағалау елдерінің Халықаралық жастар форумы Қазақстанның Маңғыстау облысының Ақтау қаласында өтті.

Каспий теңізі жағалауы елдері  жас буынының 50 өкілі қатысқан үш күнге созылған форумда байланыс орнатып, диалог өткізу үшін негіз қалыптастырумен қатар жастар ұйымының мәртебесін нығайту мәселелері сарапталды. 

ИИР-ның Ақтау қаласындағы Бас консулы Махмуд Адиб форумның ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде: "ИИР 20-35 жас аралығындағы шамамен 25 млн жасқа, соның ішінде   5 млн студент пен 14 млн оқушыға  ие бола отырып, соңғы он жылдықта ғылым мен техника, инновация салаларындағы маңызды жетістіктерге куә болды. Соңғы бес жылдықта Иран ғылыми мақалалар тұрғысынан дүниежүзі бойынша 16-шы орынға көтерілді, сондай-ақ Иран инженерлік мамандар дайындау бойынша ең үздік бестік елдердің қатарында орналасты",-деді.

Бұл форумға Иран тарапынан «Аллам-е Табатабаи» университетінің екі студенті, Исфаһан Технологиялық университетінің бір оқытушысы, Ғылым және технология паркінің басшысы мен Қазақстан жоғары оқу орындарында білім алып жатқан 6 ирандық студент қатысты. Бұл отырыс ҚР-ның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Маңғыстау облысының әкімшілігі және Алматы Басқарма университетінің ұйымдастыруымен өтті.