Қазақстанның достық және бейбіт мақсаттағы алғашқы флотилиясы Анзали айлағында тоқтады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i31187-Қазақстанның_достық_және_бейбіт_мақсаттағы_алғашқы_флотилиясы_Анзали_айлағында_тоқтады
Қазақстанның бейбіт және достық мақсаттағы алғашқы флотилиясы сәрсенбі күні Иранның шекарасына кіріп, Иранның солтүстігінде орналасқан Анзали айлағында тоқтады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қыр 27, 2017 22:00 Asia/Almaty
  • Қазақстанның достық және бейбіт мақсаттағы алғашқы флотилиясы Анзали айлағында тоқтады

Қазақстанның бейбіт және достық мақсаттағы алғашқы флотилиясы сәрсенбі күні Иранның шекарасына кіріп, Иранның солтүстігінде орналасқан Анзали айлағында тоқтады.

Қазақстанның бейбіт әрі достық мақсаттағы "Сары Арқа" және "Орал"  екі әскери кемесінен тұратын алғашқы флотилиясының Иран жағалауына сапарының мақсаты Каспий теңізі жағалауы елдерімен халықаралық ынтымақтастықтарды кеңейту  деп жарияланды.

Иранның Солтүстік флот командирімен кездесу, Иранның шәһидтеріне құрмет білдіру, Гилян облысының әкімімен кездесу, осы облыстың тарихи және туристік орталықтарын аралау қазақстандық флотилияның басты бағдарламаларының қатарына енгізілді.

Сапар 2017 жылдың 8-шы сәуір күнгі Иран флотилиясының Қазақстанға сапарының жауабы ретінде ирандық флотилияның шақыруымен жүзеге асты.

Бұл - Каспий теңізі жағалау елдерінің Иранға жасаған достық әрі бейбіт мақсаттағы алтыншы сапары.

Осы уақытқа дейін ИИР армиясының стратегиялық теңіз күштерінің Солтүстік флотиясынан Каспий теңізі жағалауы елдеріне Иранның бейбіт әрі достық жолдауларын жеткзіп, аймақтағы қарым-қатынастар мен тұрақты қауіпсіздікті арттыру мақсатында 5 флотилия барып қайтты.