Қазақстанда Энергетика министріне сөгіс жарияланып, бірнеше лауазымды тұлға жұмыстан босатылды
Қаз 11, 2017 07:50 Asia/Almaty
ҚР-ның Премьер-министрі елдің бензин тапшылығына ұшырауына байланысты Энергетика министрі Қанат Бозымбаевқа сөгіс жариялап, бірқатар лауазымды тұлғаны қызметтен босатты.
Бақытжан Сағынтаев елдің Энергетика министріне сөгіс жариялау туралы өтінішті ел президентіне жіберетінін, ҚР Энергетика министрінің орынбасары Асет Мағауовтың қызметінен босатылғанын мәлімдеді. Сағынтаев сонымен қатар "ҚазМұнайГаз" компаниясының атқарушы директоры Сауат Мыңбаевты сынап, оның орынбасары Данияр Берлібаевты орнынан босатты. Қазақстан екі мұнай өңдеу зауытын жөндеу жұмыстарына байланысты қазір жанар-жағармай тапшылығына ұшырап отыр.
Тегтер