Қазақстан премьер-министрі қазақ-қырғыз шекараларындағы қозғалыстың жеңілдетілетінін хабарлады
(last modified Thu, 19 Oct 2017 14:32:13 GMT )
Қаз 19, 2017 20:32 Asia/Almaty
  • Қазақстан премьер-министрі қазақ-қырғыз шекараларындағы қозғалыстың жеңілдетілетінін хабарлады

Қазақстан премьер-министрі қырғыз әріптесімен кездескеннен кейін алдағы күндері екі ел арасындағы шекаралық қозғалыстың жеңілдетілетіні туралы хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қырғызстан премьер-министрі Сапар Исаков пен Қазақстан премьер-министрі Бахытжан Сағынтаев сәрсенбі күні кешке Астанада кездесіп, екі ел арасындағы шекаралық мәселелерді талқылады.

Сағынтаев Қырғызстанның шекаралық мәселелердің жалғасында Еуразия экономикалық одағының комиссиясы мен Дүниежүзілік Сауда ұйымына шағым түсіргеніне сілтеме жасап: "Қырғыз саудагерлері тарапынан қытайлық тауарларды тасымалдауға байланысты кейбір заң бұзушылық жайттары тіркелді.

Отырыста қос тарап Қырғызстанның келешекте Еуразия экономикалық одағының заңдарын жақсырақ сақтауына байланысты келісімге келді.

Сонымен қатар шекаралық мәселелерді зерттеуді жалғастыру мақсатында екі ел премьер-министрлерінің бірінші орынбасарларының басқаруымен ортақ топ құрылды.

Сағынтаев бүгіннен бастап Қырғызстан азаматтары мен автокөліктері үшін екі елдің шекарасынан өту үдерісі жеңілдетілетінін айтты.

Қырғызстан мен Қазақстанның 30-дан астам жоғары лауызымды тұлғалары қатысқан отырыста ортақ экономикалық мәселелер талқыланды.