Қазақстан президенті латын әліпбиіне көшу арқылы елін заманауиландыруды мақсат етіп отыр
Қазақстан президенті елді заманауиландыру мақсатында Қазақстанның 2025 жылға дейін кирилл әліпбиінен латын әліпбиіне көшетінін жариялады.
Иран Телерадио бірлестігінің ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Президенттің бұйрығына сәйкес Қазақстанда қолданыстағы 42 әріптен тұратын кирилл әліпбиі 32 әріптен тұратын латын әліпбиіне көшеді.
Қазақтар мұның алдында да латын әліпбиін қолданған болатын. Қазақстан бұл өзгерістерді 2025 жылға дейін жүзеге асыруды жоспарлап отыр.
Қазақстан халқының басым бөлігінің латын әліпбиіне көшуге қатысты наразылығына қарамастан, Қазақстан басшыларының пікірінше, бұл өзгерістер елдің экономикалық дамуына септігін тигізеді. Себебі, әлем халықтарының 70 пайызы латын әліпбиін қолданады.
Сарапшылар әліпбидің кирилл жазуынан латынға ауысуы қазақ тілінің күшін әлсіретеді деп санайды.