Назарбаев Қазақстанда әліпбиді ауыстыру қажеттігін қуаттады
Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Елді заманауиландыру үшін кирилл әліпбиін латынға ауыстыру қажет»,-дейді.
Назарбаевтың бұйрығына сәйкес, Қазақстанда 42 әріптік кирилл әліпбиі 32 әріптік латын әліпбиіне ауысатын болады. Бұл өзгеріс 2025 жылға дейін жүзеге асады деп жоспарланып отыр.
Қазақстан бұдан бұрын Кеңес одағындағы коммунистік жүйе билік еткен заманда латын әліпбиін қолданған болатын, алайда 1940 жылы Мәскеуге бағынышты басқа республикалар секілді бұл елдің әліпбиі кириллге ауыстырылды.
Қазақстан халқының басым бөлігі елде кирилл әліпбиінің латынға ауысуына наразы болғанымен, Астана үкіметі басшыларының пайымдауынша, бұл реформа Қазақстан экономикасының дамуына көмектеседі, өйткені әлем халықтарының 70 пайызы латын әліпбиін қолданады.
Қазақстанда әліпби ауыстыруға қатысты кейбір қажеттіліктерге қарамастан, сарапшылардың айтуынша, Назарбаевтың әліпби ауыстыру арқылы елді заманауиландыру туралы айтқан түсіндірмесі түбегейлі әрі қисынды емес, өйткені кез келген қоғамдағы экономикалық даму мен өнеркәсіптік ілгерілеу көрсеткіштері білім беру, сауаттылық деңгейі, негізгі өнеркәсіп салалары мен жаңа технологияларға ие болу мүмкіндігі, капитал, жұмыс күші, нарық, жалпы ішкі және ұлттық өнімге байланысты. Шын мәнінде, кез келген қоғамдағы экономикалық және өнеркәсіптік даму тіл мен әліпбиге қатысы жоқ көрсеткіштерден тұрады деп айта аламыз. Бұған қарамастан, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бұдан бұрын 2012 жылы сөйлеген бір сөзінде қоғамның 2025 жылға дейін кирилл әліпбиінен латынға толығымен көшу қажеттігін бұрынғыдан да байсалдырақ айтты. Ал қазір Қазақстан қоғамы осы тақырыптың мәдени және әлеуметтік салаларда ауқымды түрде талқылануының куәсі болып отыр.
Қазақстан қоғамында әліпбидің ауысуын жақтайтындардың да, қарсылардың да бары анық. Екі тарап бұл маңызды мәдени өзгерістің артықшылықтары мен кемшіліктерін айтып жатыр. Тіпті, қазір әліпби ауыстыру тақырыбы Орта Азияның ең ауқымды елінде күтпеген түйткілдер мен мүмкіндіктер тудырып жатыр. Бұдан бұрын Қазақстанның Стратегиялық зерттеулер орталығының басшысы Ерлан Карин әлемнің қазіргі жағдайында кирилл әліпбиін латынға ауыстыруды қырағы шешім деп атап: «Қазақ тілінің әліпбиін кириллден латынға ауыстыру саяси шара емес, әлемдік қауымдастықта елдің дамуына көмектесу мақсатында жасалып отыр»,-деген болатын.
Бұған керісінше, қарсыластардың айтуынша, орыс тілі – БҰҰ-дағы әлемнің тірі алты тілінің бірі. Сол себепті оны оңайлықпен шетке ысыруға болмайды. Қарсыластардың сенімінше, латын әліпбиін қабылдау тәуелсіз Қазақстанның армандары мен мақсаттарына қайшы, өйткені үкімет кирилл әліпбиі негізінде қалыптасты. Енді латын әліпбиін таңу Қазақстанның тәуелсіздігі мен патриоттық сезіміне кереғар болып отыр.
Қазақстан қоғамындағы әліпбидің өзгеруін жақтаушылар мен даттаушылардан бөлек, қазіргі жағдайда әліпби ауыстыру Қазақстан қоғамына орасан зор мәдени және экономикалық шығындар әкелуі мүмкін. Қазақстан қоғамы қысқа мерзімде мұндай шығынға дайын емес секілді.