Де Мистура Астана бейбітшілік келіссөздеріне қатыспайды
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i32015-Де_Мистура_Астана_бейбітшілік_келіссөздеріне_қатыспайды
Қазақстан СІМ БҰҰ-ның Сирия істері бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистураның Сирия мәселесін шешу бойынша өтіп жатқан Астана келіссөздерінің жетінші кезеңіне қатыспайтынын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаз 30, 2017 23:10 Asia/Almaty
  • Де Мистура Астана бейбітшілік келіссөздеріне қатыспайды

Қазақстан СІМ БҰҰ-ның Сирия істері бойынша арнайы елшісі Стаффан де Мистураның Сирия мәселесін шешу бойынша өтіп жатқан Астана келіссөздерінің жетінші кезеңіне қатыспайтынын мәлімдеді.

Қазақстан СІМ-нің баспасөз хатшысы Стаффан де Мистураның екі күндік Астана келіссөздерінің жетінші кезеңіне қатыспауының себебіне тоқталмастан, отырысқа БҰҰ-ның өкілі ретінде басқа адамның қатысатынын хабарлады.

Қазақстан бұдан бұрын Астана келіссөздерінің алдыңғы отырысына қатысқан барлық тараптардың жетінші кезеңіне де қатысатындықтарын растағанын мәлімдеген болатын.

Астана келіссөздерінің жетінші кезеңін өткізудегі мақсат  мұның алдында қол жеткізілген жетістіктерді сақтап, атысты тоқтату бітімін нығайтып, көбірек тұрақтылық қалыптастыру және бір саяси шешім жолына қол жеткізу деп жарияланды.

Сирия бейбітшілік келіссөздері өткен он айда атысты тоқтату бітімін нығайту, Сирияның халқы көп қоныстанған аймақтарында қақтығыстарды азайту салаларында оң нәтижелерге қол жеткізді.

Астана келіссөздерінің жетінші кезеңі бүгін қараша айының 30 күні Қазақстанның бас қаласы Астанада басталды.