Джабери Ансари Идлиб қауіпсіздік аймағында 12 бақылау бекетінің құрылатыны туралы хабарлады
(last modified Wed, 01 Nov 2017 08:49:03 GMT )
Қар 01, 2017 14:49 Asia/Almaty
  • Джабери Ансари Идлиб қауіпсіздік аймағында 12 бақылау бекетінің құрылатыны туралы хабарлады

Астанадағы Сириядағы бейбітшілік келіссөздеріне қатысқан ирандық топтың басшысы жетінші кезең аяқталған соң: "Иран, Ресей және Түркия мемлекеттері кепілдік берген келісім бойынша, Идлиб аймағында қақтығыстарды тоқтату үшін үш мемлекет бақылайтын 12 бекет орнатылады",- деді.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Хосейн Джабер Ансари сейсенбі күні екі күндік келіссөздерден кейін журналистерге берген сұхбатында Астана келісімдерінің жетінші кезеңінде әсіресе Идлиб аймағындағы қақтығыстарды тоқтату аймақтарына қатысты келісімді іске асыру саласындағы қайшылықтарды шешкендерін мәлімдеді.

Джабери Ансари барлық тараптардың қақтығыстарды тоқтату келісіміне табанды болуы қажеттігін қуаттап, келіссөздерге қатысқандар тарапынан келісім бұзылған жағдайда оларға шара қолданылатынын екертіп: "Қақтығыстарды тоқтату келісімін  бұзатын жайттар үш жақты техникалық ортақ комитетте қарастырылады",- деді.

Джабери Ансари сөзінің жалғасында келіссөздердің жетінші кезеңінің  нәтижесі туралы: "Саяси мәселелер бойынша ирандық делегация нәтижеге жетіп, қорытынды мәлімдемеде лаңкестікпен күрес тақырыбы үш елдің (Иран, Ресей және Түркияның) ортақ тақырыбы ретінде қуатталып, Сирия дағдарысын саяси жолмен шешу қажеттігі мен бұл дағдарысты шешу үшін әскери шешім жолының жоқ екендігіне ерекше назар аударылды",- деді.