Назарбаев пен Король Абдалла II екі жақты әріптестіктерді кеңейтуді қуаттады
Қазақстан Республикасының Президенті мен Иордания королі Абдалла II Астанадағы кездесу барысында екі елдің әріптестіктерін кеңейтуді қуаттады.
Fars ақпарат агенттігінінің хабарлауы бойынша ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кездесудің басында екі ел арасындағы жоғары деңгейлі екі жақты кездесулердің жоғары динамикасына тоқталды. Ол сөзінің жалғасында Король Абдалла ІІ-нің Қазақстаннның Бас қаласы Астана қаласына екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауына 25 жыл толуына орай жасаған сапарына тоқталып: "Осы жылдар аралығында екі ел арасында үлкен сенім мен достыққа негізделген байланыс орнады",-деді.
Қазақстан Республикасының Президенті сөзінің келесі бөлімінде екі ел арасындағы әртүрлі салалардағы, соның ішінде ауыл шаруашылығы, дәрі-дәрмек жасау, қорғаныс салаларындағы ынтымақтастықтардың артқанына тоқталды.
Ол сөзінің жалғасында Қазақстанның да аймақта осындай рөл атқарып отырғанына тоқталып: "Астана – антиядролық қозғалыстың көшбасшыларының бірі",-деді.
Король Абдаллах II де бұл кездесуде Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық шиеленістерді бейбіт жолмен шешудегі рөлінің маңыздылығын қуаттады.
Ол сөзінің жалғасында ҚР Президентіне әлемді қауіпсіз аймаққа айналдырып, жақсартуға бағытталған талпыныстары үшін алғыс айтты.