Қазақстан бидайының экспорты 10 пайызға төмендеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i32151-Қазақстан_бидайының_экспорты_10_пайызға_төмендеді
Қазақстан бидайы экспортының көлемі өткен бір жылда 10 пайызға, бағасы 0,3 пайызға төмендеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 08, 2017 15:13 Asia/Almaty
  • Қазақстан бидайының экспорты 10 пайызға төмендеді

Қазақстан бидайы экспортының көлемі өткен бір жылда 10 пайызға, бағасы 0,3 пайызға төмендеді.

"Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан бидайына деген сұраныс елдің сыртында, әсіресе Иран мен Ресейде айтарлықтай мөлшерге төмендеді.

Қазақстан эксперттерінің мәліметі бойынша, бұл елдің бидайы халықаралық нарықтағы өз рейтингінен айрылды. Ағымдағы жылдың өткен 8 айында Қазақстан шамамен 2,4 миллион тонна бида экспорттады. Бұл мөлшер өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 10,1 пайызға төмен.

Қазақстанның бидай сатудан табатын табысы 1,4 пайызға төмендеп, 381,9 миллиард долларды құрады.  Бұл өткен бес жылдағы ең төмен көрсеткіш.

2012 жылдың бағасымен салыстырғанда қазақстандық бидайдың бағасы 23 пайызға төмендеді. Эксперттер бағаның төмендеуін әлемдік үдеріс санайды.

Халықаралық болжамдар бойынша әлемнің түкпір-түкпірінде өндірілген бидай мөлшері өткен жылға қарағанда төмендеді. АҚШ-тағы бидай өндірісінің  азаюы бұл маңызды мәселені растайды.