Қазақстанда екі мыңнан астам заңсыз интернет сайт анықталды
Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі осы елде заңсыз контентке ие 2500 интернет ресурсының анықталғанын хабарлады.
«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің мамандары биыл 5527 интернет ресурсын зерттеген. Соның ішінде 2487 сайт заңсыз контентке ие және осы елдің заңдарына қайшы деп табылған.
Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі тексерістердің негізгі мақсатын Ата заңға қайшылық пен осы ел азаматтарының құқықтары мен азаттықтарын бұзу деп атады.
Қазақстанда бірнеше жыл бұрын лаңкестік шабуылдар жасалған соң ел президенті Дін істері және азаматтық қоғам министрлігін құруға бұйрық берген болатын.