Қазақстанның Еуразия Экономикалық Одағымен сауда айналымы 30 пайызға артты
Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігі биылғы жылы елдің Еуразия Экономикалық Одағымен қаржы айналымының 30 пайызға артқанын хабарлады.
«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Республикасының Ұлттық Экономика Министрлігі мәлімдемеде Астананың қаңтар айынан қыркүйек айына дейін Еуразия Одағына мүше елдермен сауда айналымының айтарлықтай артқанын хабарлады.
Осы мәліметке сәйкес, Қазақстан мен Еуразия Одағына мүше елдердің осы уақыттағы қаржы айналымы өткен жылдың осындай мерзімімен салыстырғанда 30 пайызға артып, 12,373 млрд долларды құраған.
Аталған уақыттағы импорт көлемі 8,655 млрд доллар болды. Бұл көрсеткіш өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 28,4 пайызға артқан.