Лаңкестік әрекеттер жасады деген айыппен 11 қазақстандық азамат Астанаға қайтарылды
Қар 17, 2017 17:41 Asia/Almaty
Қазақстанның Бас прокурорының орынбасары Андрей Лукин ағымдағы жылы түрлі елдерде лаңкестік және әсірешілдік әрекеттерін жасады деген айыппен бірқатар қазақстандық азаматтың Астанаға қайтарылғанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, түрлі елдерде лаңкестік және әсірешілдік әрекеттер жасады деген айыппен ұсталып, темір торға қамалған 11 қазақстандық азамат елге қайтарылды. Қазіргі кезде Қытай, Ресей және бірнеше еуропалық елдердегі бірқатар азаматты елге қайтару жолдары қарастырылып жатыр.
Тегтер