Назарбаев: Каспий теңізіндегі мұнай кен орындарын дамыту Қазақстан үшін маңызды
Қазақстан президенті Каспий теңізіндегі мұнай кен орындарын дамыту жобаларын елі үшін маңызды әрі табысты деп атады.
Қазақстандық Kazinform ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев ағылшын-нидерландтық Royal Dutch Shell компаниясының атқарушы директорымен кездесуінде Қашаған және Қарашығанақ мұнай-газ кен орындарын дамытудың Қазақстан үшін өте маңызды әрі табысты екенін айтты.
Royal Dutch Shell компаниясы қазіргі таңда Қазақстандағы бірнеше ірі мұнай жобасына, соның ішінде Қашаған, Қарашығанақ және Жемчужина мұнай кен орындарын дамыту ісіне белсенді түрде қатысуда.
Каспий теңізінде орналасқан Қашағанда 6 миллиард тонна, Жемчужина мұнай кен орынының қоры 100 миллион тоннаны құраса, Қарашығанақ мұнай-газ кен орнында 1 миллард 200 миллион тонна мұнай мен 1,35 триллион текше метр табиғи газ қоры шоғырланған.
Royal Dutch Shell компаниясы бүгінге дейін Қазақстанның мұнай және газ жобаларына 3 миллиард доллар инвестиция салды.