Қазақстанда алтын өндірісі 15,5 пайызға артты
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i32321-Қазақстанда_алтын_өндірісі_15_5_пайызға_артты
Қазақстанның Ұлттық Экономика Министрлігі ағымдағы жылдың соңғы он айында елде алтын өндірісі көлемінің артқанын хабарлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 20, 2017 15:37 Asia/Almaty
  • Қазақстанда алтын өндірісі 15,5 пайызға артты

Қазақстанның Ұлттық Экономика Министрлігі ағымдағы жылдың соңғы он айында елде алтын өндірісі көлемінің артқанын хабарлады.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстанның Ұлттық Экономика Министрлігі Статистикалық комитетінің мәліметіне сәйкес бұл елдегі алтын өндірісінің көлемі 2017 жылдың қаңтар-қазан айларында айтарлықтай артқан, яғни, осы мерзімдегі алтын өндірісінің көлемі өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 15,5 пайызға артып, 70 248 килограмды құрған.

Қазақстанның Ұлттық Банкі осы жылдың қарашаның біріне дейінгі елдің алтын қорының жалпы көлемін 31 миллиард 800 миллион доллар деп жариялады.