Астана келіссөздерінің келесі кезеңі желтоқсанның жиырмасынан кейін өткізіледі
Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Сирия дағдарысы жайлы Астана келіссөздерінің келесі кезеңінің желтоқсанның жиырмасынан кейін өткізілетінін мәлімдеді.
ТАСС агенттігінің Астанадан хабарлауы бойынша, Ақылбек Камалдинов баспасөз конференциясында Сириядағы атысты тоқтату бітіміне кепіл үш елдің (Иран, Ресей, Түркия) Астана келіссөздерінің жаңа кезеңін желтоқсанның жиырмасынан кейін өткізуді сұрайтыны болжанып отырғанын, бірақ келіссөздердің өткізілетін нақты уақытының әлі белгісіз екенін мәлімдеп: «Ресей мен Иран және Түркия Сириядағы атысты тоқтату бітіміне кепіл елдер ретінде алдағы келіссөздерге қатысты өз ұстанымдарын бірыңғайлап, үйлесімдік жұмыстарын жүргізуде. Үш елдің келіссөздер өткізу мерзіміне қатысты үйлесімді әрі келісілген ұстанымдарға қол жеткізгенін күтеміз",- деді.
Сирия мәселесіне қатысты Астана келіссөздерінің жетінші кезеңі 2016 жылы қазанның 30-31 күндері Қазақстанның елдордасында өтті.