Қазақстанда шадра мен бұрқа киюге тыйым салынады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i32443-Қазақстанда_шадра_мен_бұрқа_киюге_тыйым_салынады
Қазақстан үкіметі исламдық киімдерді, соның ішінде шадра мен бұрқа киюге тыйым салатын заң жобасын ел Парламентіне жіберді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 25, 2017 14:56 Asia/Almaty
  • Қазақстанда шадра мен бұрқа киюге тыйым салынады

Қазақстан үкіметі исламдық киімдерді, соның ішінде шадра мен бұрқа киюге тыйым салатын заң жобасын ел Парламентіне жіберді.

ISNA ақпарат агенттігінің бүгін хабарлауы бойынша, Қазақстанның Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев: "Осыы заң жобасына сәйкес адамның бетін жауып тұратын кез келген киім үлгісіне қауіпсіздік мақсатында тыйым салынады.

Әртүрлі мемлекеттік және жеке меншік органдар мен мамандардың пікірлері мен көзқарастары негізіндегі заң жобасын әзірлеу барысында көптеген халықаралық тәжірибелерге көп көңіл бөлінді. Сондай-ақ, мұндай шаралар қазіргі таңда Бельгия, Франция мен тағы да басқа елдердің заңнамасында азаматтардың қауіпсіздігін сақтау мақсатында жүзеге асырылып жатыр.

Бұрқа, ниқаб, шадра мен бет перде секілді адамдардың бетін жауып тұратын кез келген киімді пайдалану қылмыс саналып, оған тыйым салынады",- деп мәлімдеді.

Сонымен қатар аталмыш заң жобасына сәйкес, исламдық шадра, бұрқа секілді киімдерге тыйым салумен қоса, қазақстандық студенттердің шет елдерде діни оқу орындарында білім алуын, мемлекеттік қызметкерлердің діни әрекеттері діндар адамдардың үйлену рәсімдерін қадағалау да қарастырылған.

Заң жобасы биылғы жылдың соңына дейін Қазақстан Парламенті тарапынан бекітіледі деп болжануда.