Қазақстан Орталық Азия елдері басшыларының саммитін өткізу туралы ұсыныс жасады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i32521-Қазақстан_Орталық_Азия_елдері_басшыларының_саммитін_өткізу_туралы_ұсыныс_жасады
Қазақстан Сыртқы істер министрі Орталық Азия елдері басшыларының саммитін өткізу туралы ұсыныс жасады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қар 28, 2017 15:46 Asia/Almaty
  • 
Қазақстан Орталық Азия елдері басшыларының саммитін өткізу туралы ұсыныс жасады

Қазақстан Сыртқы істер министрі Орталық Азия елдері басшыларының саммитін өткізу туралы ұсыныс жасады.

ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов дүйсенбі күні халықаралық парламенттік конференцияда сөйлеген сөзінде Наурыз мейрамын Орталық Азия елдері басшыларының бірінші саммитін өткізу үшін лайықты мерзім деп атап, саммитті Қазақстанда өткізу туралы ой айтып: «Бүгінде Орталық Азия аймағындағы елдер арасындағы достық пен бауырластыққа куә болып отырмыз. Сондықтан Орталық Азия елдері басшыларының саммитін өткізу үшін әзірлік шараларын жүзеге асыру керек",- деді.

Қазақстаның Тұңғыш Президенті күнінің жылдығына арналған парламенттік халықаралық конференция Қазақстан, Әзірбайжан, Болгария, Венгрия, Ресей және Түркия парламенттері өкілдірінің қатысуымен Астанада өтіп жатыр. Конференцияның мақсаты жиналған елдердің ұлттық заңдарын жетілдіру саласындағы тәжірибелерімен алмасу деп жарияланды.