Қазақстанда уран өндірісі 20 пайызға төмендейді
Жел 06, 2017 06:51 Asia/Almaty
Қазақстан "Қазатомөндіріс" ұлттық компаниясы осы елдегі уран өндірісін 20 пайызға төмендетуді көздеп отыр.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, уран өндірісін төмендету 2018 жылдың қаңтар айынан басталып, 3 жылға созылады.
Қазақстанда уран өндірісінің көлемі 2018 жылда 4000 тоннаға дейін азайтылады. Бұл көлем алдағы жылы әлемде өндірілетін уранның жалпы көлемінің 7 пайыздан астамын құрайды.
Қазақстан "Қазатомөндіріс" ұлттық компаниясы әлемдік уран нарығының 37 пайыздан артығын қамтамыз етеді. Осы 3 жылда уран өндірісі шамамен 11 тоннаға азаяды. Бұл шешім Қазақстандағы уран қорының қызметін ұзартатын болады.
Тегтер