Сейіт Хасан Насролла: Трамптың шарасы – жаңа Бальфур
(last modified Fri, 08 Dec 2017 12:36:26 GMT )
Жел 08, 2017 18:36 Asia/Almaty
  • Сейіт Хасан Насролла: Трамптың шарасы – жаңа Бальфур

Ливан Хезболласының Бас хатшысы: "Бальфур декларациясынан 100 жыл өткенімен АҚШ үкіметінің Құдсқа қарсы шарасынан кейін "жаңа Бальфурға" куә болып отырмыз",-деп қуаттады.

Ливан Хезболласының Бас хатшысы сейіт Хасан Насролла бейсенбі күні кешке теледидар арқылы сөз сөйлеп, Дональд Трамптың Құдсты сионистік режимнің астанасы деп таныстыруы жайлы: "Трамп осы шешімімен Құдсты толығымен сионистердің қарамағына берді. Енді сионистер Бейт ул-Мұқаддасты еврейлендіру және сионистік қалашықтар салу үдерісін үдете түсетін болады. Трамптың шешімімен әл-Ақса мешіті шынайы қатерге ұшырап отыр. Америкалықтардың бұл шешімі миллиондаған мұсылман мен христианның сезіміне құрметсіздік білдіру болып табылады. Өйткені олар бұл қалада тарих пен мәдениетке ие. Олардың қасиетті орындары Құдс қаласында орналасқан",-деді.

Сейіт Хасан Насролла Бейт ул-Мұқаддастың Палестина мәселесінің жүрегі әрі басты өзегі екенін айтып: "Трамп осы ісі арқылы палестиналықтар мен сионистік режим арасындағы бітім келіссөздерін құрдымға кетірді.

Араб және ислам елдері АҚШ-тың елшілерін шақыртып, Трамптың Құдсқа қатысты шешіміне ресми түрде реакция білдіруі керек",-деді.