ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары: Сирия мен Иракта 400 қазақ баласы жүр
(last modified Tue, 12 Dec 2017 15:22:20 GMT )
Жел 12, 2017 21:22 Asia/Almaty
  • ҚР ҰҚК төрағасының орынбасары: Сирия мен Иракта 400 қазақ баласы жүр

ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары Сирия мен Ирактың аумағында 400-ге жуық қазақ баласының жүргенін мәлімдеді.

«Fars» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті төрағасының орынбасары Нұрғали Белісбеков Қазақстан Сенатының халықаралық байланыс, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында Сирия мен Иракта 16 жасқа толмаған 390 бала, соның ішінде 214 ер, 176 қыз баланың жүргенін мәлімдеді.

Белісбеков Қазақстан үкіметінің Сирия мен Ирак аумағындағы қазақ балаларын қайтару мақсатында жұмыс тобын құрғанын айтып: «Қазіргі уақытта 63 бала Қазақстанға қайтарылды. Шамамен тағы 50 бала елге қайтарылады деп күтілуде. Сирия мен Ирактағы қақтығыстарда 2011 жылдан бері 220-дан астам қазақ баласы қаза тапты» - деді.

Қазақстанның қауіпсіздік органының жоғары өкілі сөзінің соңында 2017 жылы Қазақстанда 157 адамның әсірешілдік және лаңкестік қылмыс үшін айыпталып, түрмеге қамалғанын айтты.

 

Тегтер