Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы: Бейт ул-Мұқаддас – Палестинаның ажырамас бөлігі
Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы БҰҰ Бас ассамблеясының Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған қарарға сілтеме жасап: "Бейт ул-Мұқаддас – Палестинаның ажырамас бөлігі",- деп мәлімдеді.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Стамбұлда өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Шығыс Бейт ул-Мұқаддас (Құдс) Палестинаның ажырамас бөлігі ретінде танылған қарарын сақтауды сұрап: "Қазақстан барлық мемлекеттердің Шығыс Құдстың Палестина үкіметінің ажырамас бөлігі ретіндегі жағдайына байланысты БҰҰ Бас ассамблесы Қауіпсіздік кеңесінің қабылдаған қарарын толық сақтауды сұрайды",-деді.
Тоқаев БҰҰ-ның бірегей ұйым екенін, сондықтан әлемдік қауымдастықтың оның шешімдерін құрметтеуі керектігін баяндап: "Астана аймақтағы дағдарысты толығымен шешіп, онда тұрақтылық пен бейбітшілік орнату мақсатындағы барлық бейбіт талпыныстарды қолдайды.
Бейт ул-Мұқаддастың бүкіл адамзат баласына тиесілі және бұл қасиетті қалада тұратын халықтың бейбітшілік пен өзара түсіністікте өмір сүруге құқығы бар екенін білген жөн",- деп баса айтты.