Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы: Бейт ул-Мұқаддас – Палестинаның ажырамас бөлігі
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i32991-Қазақстан_Парламенті_Сенатының_төрағасы_Бейт_ул_Мұқаддас_Палестинаның_ажырамас_бөлігі
Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы БҰҰ Бас ассамблеясының Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған қарарға сілтеме жасап: "Бейт ул-Мұқаддас – Палестинаның ажырамас бөлігі",- деп мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 14, 2017 20:45 Asia/Almaty
  • Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы: Бейт ул-Мұқаддас – Палестинаның ажырамас бөлігі

Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы БҰҰ Бас ассамблеясының Қауіпсіздік кеңесі қабылдаған қарарға сілтеме жасап: "Бейт ул-Мұқаддас – Палестинаның ажырамас бөлігі",- деп мәлімдеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан Парламенті Сенатының төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Стамбұлда өткен Ислам ынтымақтастық ұйымының төтенше отырысында БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің Шығыс Бейт ул-Мұқаддас (Құдс) Палестинаның ажырамас бөлігі ретінде танылған қарарын сақтауды сұрап: "Қазақстан барлық мемлекеттердің Шығыс Құдстың Палестина үкіметінің ажырамас бөлігі ретіндегі жағдайына байланысты БҰҰ Бас ассамблесы Қауіпсіздік кеңесінің қабылдаған қарарын толық сақтауды сұрайды",-деді.

Тоқаев БҰҰ-ның бірегей ұйым екенін, сондықтан әлемдік қауымдастықтың оның шешімдерін құрметтеуі керектігін баяндап: "Астана аймақтағы дағдарысты толығымен шешіп, онда тұрақтылық пен бейбітшілік орнату мақсатындағы барлық бейбіт талпыныстарды қолдайды.

Бейт ул-Мұқаддастың бүкіл адамзат баласына тиесілі және бұл қасиетті қалада тұратын халықтың бейбітшілік пен өзара түсіністікте өмір сүруге құқығы бар екенін білген жөн",- деп баса айтты.