Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығын тойлады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i33055-Қазақстан_тәуелсіздігінің_26_жылдығын_тойлады
Кеше Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің 26 жылдығын тойлады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 17, 2017 16:31 Asia/Almaty
  •  Қазақстан тәуелсіздігінің 26 жылдығын тойлады

Кеше Қазақстан халқы ел тәуелсіздігінің 26 жылдығын тойлады.

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы осы ел халқының қолдауымен өз тәуелсіздігін жариялады. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне байланысты елде 16-17 желтоқсан демалыс күндері деп жарияланған.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, осы күнге орай Қырғызстан, Ресей, Әзірбайжан мен Беларусь басшылары жеке-жеке жолдау жіберіп, Қазақстан Президенті мен халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

РФ Президенті Путин жолдауында екі елдің әртүрлі салалардағы әріптестігінің артуымен құттықтап: "Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін көптеген жетістіктерге жетті. Соның ішінде бұл елдің БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі болуын атауға болады",-деді. РФ Президенті Мәскеу мен Астана арасындағы тығыз байланысқа тоқталып, Қазақстанды Ресейдің стратегиялық серіктесі деп атап, екі елдің аймақтық одақтарда, соның ішінде Еуразия одағы, Шанхай ынтымақтастық ұйымы мен ТМД ұйымында жақын қарым-қатынасқа ие екенін айтты.