Қазақстан СІМ: Астана келіссөздері – Сирияда тұрақтылық орнатудың негізі
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i33207-Қазақстан_СІМ_Астана_келіссөздері_Сирияда_тұрақтылық_орнатудың_негізі
Қазақстан Сыртқы істер министрі Астанадағы Сириядағы бейбітшілік келіссөздерін Сирияда тұрақтылықты орнатуға мүдделі барлық тараптар үшін толық әрі бірегей негіз деп атады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 23, 2017 15:00 Asia/Almaty
  • Қазақстан СІМ: Астана келіссөздері – Сирияда тұрақтылық орнатудың негізі

Қазақстан Сыртқы істер министрі Астанадағы Сириядағы бейбітшілік келіссөздерін Сирияда тұрақтылықты орнатуға мүдделі барлық тараптар үшін толық әрі бірегей негіз деп атады.

ИРНА-ның мәліметі бойынша, Қайрат Әбдірахманов жұма күні Астанада өткен Сирия бейбітшілік келіссөздерінің сегізінші кезеңінің соңында айтқан сөзінде: "Сириядағы әскери қақтығыстардың аяқталғанына шамамен он екі ай болды. Бұл Астана келіссөздерінің маңызды жетістігі саналады. Қазіргі таңдағы Сирияның жағдайын қанағаттандырарлық деп айту мүмкін еместігіне қарамастан, қауіпсіз аймақтар құрудың арқасында бұл елдегі ахуалдың біртіндеп жақсарғанын байқауға болады. Біз келер жылға оптимисттік көзқараспен қарап, жаңа жылда баршамыз табысқа жетіп, Астанадағы ынтымақтастық кеңістігі мен барлық тараптардың талпыныстары 2018 жылы Сирияда тұрақтылықты орнатуға жеткізетіндігіне үміттенеміз" деді.

Қазақстан Сыртқы істер министрінің айтуынша, Сирия дағдарысын шешу үшін алдыда көптеген мәселе бар. Оның бірі тұтқындармен алмасу саналады.