Экономикалық және саяси байланыстарды дамыту – Астананың сыртқы саясатының басты бағдары
ҚР Сыртқы істер министрі Астананың Азия мемлекеттерімен дамуға аса мән беретінін мәлімдеді.
«Fars» ақпарат агенттігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстан Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Орталық Азиядағы Қазақстанның сыртқы саясатының негізгі бағдарларын жариялап: «Астана Азия мемлекеттерімен сауда, экономика және саяси байланыстарының артуына аса мән береді. Қазақстанның Азия мемлекеттерімен жалпы сауда көлемі қаңтар айынан қыркүйек айына дейін өткен жылмен салыстырғанда 23 пайызға артып, 13,3 миллиард долларды құрады. Қазақстан шығыс Азия аймағында практикалық және белсенді саясат ұстанып, Бейжіңмен көпжақты стратегиялық байланысты дамытуды өте маңызды санайды. Қазақстан сонымен бірге сауда және экономика байланыстарын кеңейту арқылы Жапониямен өзара табысты қарым-қатынасты тереңдетуге мүдделі» деді.
Қазақстан Сыртқы істер министрі сөзінің келесі бөлігінде Оңтүстік Кореяны өнеркәсіпті дамыту және Қазақстанның ұлттық экономикасын инновацияландыру саласындағы маңызды әріптесі деп атап, соңғы 10 жылда осы елдің Қазақстанның экономикасына салған инвестициясының шамамен 4,6 миллиард долларды құрағанын айтты.