Назарбаев: Астана Бішкекпен арадағы мәселелерді шешуге дайын
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i33319-Назарбаев_Астана_Бішкекпен_арадағы_мәселелерді_шешуге_дайын
Қазақстан Президенті қырғыз әріптесімен кездесуінде Астананың Бішкекпен арадағы барлық мәселелерін шешуге дайын екенін жариялады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 26, 2017 16:14 Asia/Almaty
  • Назарбаев: Астана Бішкекпен арадағы мәселелерді шешуге дайын

Қазақстан Президенті қырғыз әріптесімен кездесуінде Астананың Бішкекпен арадағы барлық мәселелерін шешуге дайын екенін жариялады.

Бішкектегі "Фарс" ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қырғызстан Президенті  Сооронбай Жээнбеков дүйсенбі күні Астанаға жасаған екікүндік сапарында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті.

Қырғызстан Президенті бұл кездесуде өз елінің Қазақстанмен барлық салалардағы қарым-қатынастарын кеңейтуге дайын екенін қуаттап: "Қырғызстан мен Қазақстан халықтары тарихи, саяси және діни ортақтастықтарға ие. Екі ел арасында әрдайым жақын қарым-қатынас орнатылған",- деді.

Нұрсұлтан Назарбаев та кездесуде Қазақстанның қырғыз делегациясы баяндайтын барлық мәселелерін шешуге дайын екенін жариялап: "Қазақстан тәуелсіз мемлекет ретінде өткен 26 жылда әрқашан аймақ елдерімен, әсіресе Қырғызстанмен достық қарым-қатынаста болды. Келешекте де осы үдерісті жалғастырады",- деді.