2018 жылдың қаңтар айында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы басталады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i33441-2018_жылдың_қаңтар_айында_Қазақстанның_БҰҰ_Қауіпсіздік_кеңесіне_төрағалығы_басталады
Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялап, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұңғыш рет төрағалығының жаңа жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31-ші желтоқсанына дейін жалғасатынын мәлімдеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Жел 30, 2017 23:33 Asia/Almaty
  • 2018 жылдың қаңтар айында Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне төрағалығы басталады

Қазақстан Сыртқы істер министрлігі мәлімдеме жариялап, Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне тұңғыш рет төрағалығының жаңа жылдың 1 қаңтарынан басталып, 31-ші желтоқсанына дейін жалғасатынын мәлімдеді.

«Fars» ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, ҚР СІМ мәлімдеме жариялап, осы күндері БҰҰ-на мүше болғанымен, БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне мүше емес елдер үшін  кеңестің бағдарламасы жөнінде баспасөз конференциясы өткізілетінін мәлімдеді.
Қазақстанның ұсынысымен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде алғаш рет алдағы 2 жылға БҰҰ-ның тұрақты емес мүшесі ретінде таңдалған Кот-д'Ивуар, Кувейт, Нидерланды, Перу, Польша, Экваторлық Гвинея мемлекеттерінің туларын орнату бойынша ресми рәсім өтеді.
2018 жылдың 18-ші қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен «Жаппай қырып-жоятын қаруларды таратпау және сенім қалыптастыратын іс-шаралар» тақырыбында жоғары деңгейде БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің пікірталасы өткізіледі.