Өзбекстан мен Қазақстан арасында автобус бағыты іске қосылды
Қаң 06, 2018 16:28 Asia/Almaty
Өзбекстан мен Қазақстан "Ташкент-Шымкент" автобус бағытының ашылғаны туралы хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауынша, бұл бағыттың автобустары осы жұмадан бастап күнделікті таңғы сағат 6:00-ден түнгі 20:00-ге дейін бір сағаттық аралықпен шекаралық бекеттерден жолаушы тасымалмен айналысады.
Бағыттың соңғы бекеті Өзбекстанда Ташкент терминалдары, Қазақстанда Шымкент қаласы болып табылады.
Бағыттың ұзақтығы – 145 шақырым. Жолға үш сағат уақыт кетеді.
Аталмыш бағыттағы автобустар жолаушыларды Өзбекстанның "Гишт Куприк", Казақстанның "Жібек жолы" атты шекаралық бекеттерінен өткізеді.
Тегтер