Каспий теңізіндегі кеме қатынасын бақылауды стандарттау туралы шешім қабылданды
Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі Каспий теңізінің жағалауындағы мемлекеттердің бұл теңіздегі кеме қатынасын бақылауды бір қалыпқа келтіру туралы шешім қабылдағандары туралы хабарлады.
ИРНА ақпарат агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Инвестициялар және даму министрлігі дүйсенбі күні: "Каспий теңізі жағалауындағы порттардағы кеме қатынасын бақылауды стандарттау техникалық қауіпсіздікті арттыруға көмектеседі. Стандартқа сәйкес келмейтін кемелерді қолдануға рұқсат етпейді. Нәтижесінде теңіс апаттары азаяды",- деп мәлімдеді.
Осы мәлімет бойынша, Каспий теңізі жағалауындағы мемлекеттердің порттарындағы ережелерді стандарттау туралы шешім Каспий теңізіндегі кеме қатынасының техникалық қауіпсіздігін арттыруымен бірге жолаушылар мен кеме экипаждарының қауіпсіздігінің жақсаруына себеп болады.
Бүгінде Каспий теңізінде 1600 кеме қатынас жасауда.