Иранның Қазақстандағы елшісі: Иран мен Қазақстан қарым-қатынастарының тарихы тереңде жатыр
Иран Ислам Республикасының Қазақстандағы елшісі Теһран-Астананың түрлі салалардағы қарым-қатынастарының серпінді және өзара тиімді мүдделерге негізделгенін айтты.
Моджтаба Демирчилу қазақстандық "Время Астаны" газетіне берген сұхбатында: "1992 жылдың қаңтар айының жиырма тоғызы күні Иран мен Қазақстан арасындағы дипломатиялық қатынастарды орнату шын мәнінде бірнеше ғасыр бұрын ирандықтар мен қазақтар арасында болған қатынастарды қайта жандандыру саналады",- деді.
ИРИ-ның Қазақстандағы елшісі екі ел арасындағы мәдени-тарихи байланыстар тарихының тереңде жатқанын айтып: "Иран мен Қазақстан арасындағы мәдени байланыстарды ортақ тарих, ортақ дін, парсы және қазақ тілдерінде кездесетін ортақ сөздерден байқауға болады.
Бұрынғы байланыстарды жандандырып, өзара тиімді мүдделерге негізделген жаңа қатынас құруды екіжақты қатынастардың ең маңызды жетістіктеріне жатқызуға болады.
Иран мен Орталық Азия мемлекеттерінің, әсіресе Қазақстанмен мәдени және тарихи байланыстарының өткені тереңде жатыр. Иран мен Қазақстан бірдей өркениеттік шеңберде орналасқан деп айтуға болады",- деді.