Қазақстан 2017 жылғы халықаралық қорын 89 млрд доллар деп жариялады
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i33871-Қазақстан_2017_жылғы_халықаралық_қорын_89_млрд_доллар_деп_жариялады
Қазақстанның ұлттық банкі 2017 жылдың желтоқсан айына дейінгі елдің халықаралық қорын 88,9 млрд доллар деп жариялады.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 13, 2018 20:29 Asia/Almaty
  • Қазақстан 2017 жылғы халықаралық қорын 89 млрд доллар деп жариялады

Қазақстанның ұлттық банкі 2017 жылдың желтоқсан айына дейінгі елдің халықаралық қорын 88,9 млрд доллар деп жариялады.

"Фарс" хабар агенттігінің осы мәліметке сілтеме жасап хабарлауын сәйкес, Қазақстанның 2017 жылдың желтоқсан айындағы халықаралық қоры 2017 жылдың қараша айымен салыстырғанда 0.21 пайызға артқан.

Бұл көрсеткіш өткен жылдың басымен салыстырғанда 2.29 пайызға кеміген жағдайда жарияланып отыр.

Қазақстанның ұлттық банкінің статистикасына сәйкес, Қазақстанның халықаралық жалпы қорының көлемі 2017 жылдың қараша айында 31.115 млрд долларды құраған. Сонымен қатар бұл елдің халықаралық жалпы қорының көрсеткіші 0.15 пайызға артып, 30.903 млрд долларға жеткен.  

Қазақстанның ұлттық қоры активтерінің көлемі 0.26 пайыз өсіммен 57.723 млрд доллар деп жарияланды.

Ауыстырылған валюта көлемі 18.618 млрд долларды құраған. Соңғы бір айда 1.4 пайызға, 2017 жылдың сәуір айынан 7.35 пайызға кеміген.

Қазақстанның алтын түріндегі активтерінің көлемі 2.55 пайызға артып, 12.498 млрд доллар болған.