Қазақстан мен Түркіменстанның шекарасын белгілеу туралы келісімге қол қойылды
Қазақстан Президенті осы елдің Түркіменстанмен шекарасын белгілеу туралы келісімді бекіту заңына қол қойды.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Нұрсұлтан Назарбаев сенбі күні осы елдің Түркіменстанмен шекарасын белгілеу туралы келісімін бекіту заңына қол қою рәсімінде: «Бұл заң осыдан бұрын екі елдің басшылары мен тиісті инстанциялары тарапынан расталды»,-деді.
Осы мәлімет бойынша, аталмыш заңға сәйкес Түркіменстан мен Қазақстан арасындағы ортақ шекараның ұзындығы 458,3 км деп белгіленіп, шекара бойына 330 белгі қойылған.
Қазақстан Президенті, сондай-ақ, Түркіменстанмен стратегиялық ынтымақтастықтар заңына да қол қойды.
Түркіменстан Президенті Құрбанқұлы Бердімұхаммедовтың 2017 жылы Астанаға ресми сапары барысында екі ел басшылары Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы стратегиялық ынтымақтастықтар келісіміне қол қойған болатын.
Ашхабад пен Астана арасындағы сауда айналымының көлемі 2016 жылы 283 млн доллардан асты.