Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одақпен сауда айналымы артты
Қазақстанның Экономика министрлігінің Статистикалық комитеті 2017 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығында Қазақстан мен Еуразиялық Экономикалық одағына мүше елдерімен арадағы сауда айналымы көлемінің 28 пайызға артқанын хабарлады.
Fars ақпарат агенттігінің жексенбі күнгі хабарлауы бойынша, Қазақстанның Экономика министрлігінің Статистикалық комитеті осы ел мен Еуразиялық Экономикалық одақ мүшелері арасындағы жоғарыда аталған мерзім аралығындағы қаржы айналымы құнының 15 миллиард 500 миллион долларға жеткенін мәлімдеді.
Қазақстанның Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше елдердің ішінде ең көп сауда айналымы Ресеймен жасалған.
Қазіргі таңда Еуразиялық Экономикалық Одақ Ресей, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан мен Армения елдерінен құралған.
Еуразия шекараларынан тауардың еркін тасымалдануы, инвестиция, жұмыс күштері мен қызмет түрлері осы одақ мүшелері келіскен заңдардың қатарын құрайды.