Қазақстанның Сыртқы Істер Министрлігі Алматыда БҰҰ-ның аймақтық орталығын құрмақ
Қазақстанның Сыртқы Істер Министрі Астана үкіметінің Орталық Азия елдері мен Ауғанстанда тұрақты даму мақсаттарына қол жеткізу үшін үйлестіру және қолдау көрсету бағытында БҰҰ-ның аймақтық орталығын құруды мақсат етіп отырғанын хабарлады.
«Fars» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның СІМ Қайрат Әбдірахманов БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі министрлерінің отырысында Орталық Азия аймағы мен Ауғанстанда тұрақты тыныштық пен әл-ауқатты жақсарту мақсатында тиісті барлық шараларды жүзеге асыру қажеттілігін баса айтып: «Бұл қатынас үш саланы қамтитын болады: қауіпсіздік пен дамудың арасындағы байланыстарды анықтап, күшейту; аймақтық қатынас, сонымен қатар БҰҰ шеңберіндегі табысты әрі үйлесімді стратегия. Осы аяда Астана Орталық Азия елдерінің Ауғанстанмен жүзеге асырып жатқан жобаларының, соның ішінде ТАПИ, CASA-1000 және тағы басқа күре жолдар мен темір жолдармен байланысты жобаларының осы елдерді тек бір-бірімен қосып қана қоймай, сонымен қатар Ауғанстанның жағдайын тұрақтандырып, жұмыспен қамтып, аймақтың инфрақұрылымдарына көмектесетіндігіне сенімді. Бұл жобалар елдерді бір-бірімен жақындатып, шиеленістерді жояды» деді.