Қазақстан Кабулда болған лаңкестік оқиғаны айыптады
Қазақстан Сыртқы Істер Министрлігі мәлімдеме жариялап, Кабулда жуырда болған оқиғаны айыптады.
«Фарс» хабар агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстан СІМ бүгін мәлімдеме жариялап, Кабулдағы Intercontinental қонақ үйіндегі лаңкестік оқиғаны қатігез және дөрекі әрекет деп атап, мәлімдеменің келесі бір бөлігінде Қазақстанның Ауғанстанда лаңкестік мәселесін шешу үшін жедел шара қолдану қажеттігін қуаттайтынын мәлімдеді. Қазақстан сонымен қатар Ауғанстанның барлық саяси топтарынан ұлттық бітім келіссөздерін бастауды сұрады.
Иран СІМ-нің баспаөз хатшысы Баһрам Ғасеми де Кабулда орын алған қарулы шабуыл мен Intercontinental қонақ үйінде кепілге алу әрекетін айыптап, Ауғанстан үкіметі мен халқына және құрбан болғандардың отбасыларына көңіл айтты.
Ауғанстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Вахид Маджрух сенбі күні түнде Ауғанстанның астанасы Кабул қаласындағы Intercontinental қонақ үйіне қарулы адамдар жасаған қарулы шабуылда 19 адам қаза тауып, 12 адам жараланғанын хабарлады. Қаза тапқандардың арасында Қазақстан азаматы болған.