Алматыда климаттық өзгерістер тақырыбындағы ортаазиялық конференция өтеді
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i34231-Алматыда_климаттық_өзгерістер_тақырыбындағы_ортаазиялық_конференция_өтеді
Қазақстанның ұйымдастыруымен Алматы қаласында климаттық өзгерістер тақырыбындағы ортаазиялық конференция өтеді.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Қаң 26, 2018 15:43 Asia/Almaty
  • Алматыда климаттық өзгерістер тақырыбындағы ортаазиялық конференция өтеді

Қазақстанның ұйымдастыруымен Алматы қаласында климаттық өзгерістер тақырыбындағы ортаазиялық конференция өтеді.

Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, конференцияны өткізудегі мақсат аймақтық диалогқа көмектесу, климаттық өзгерістерге бейімделу туралы білім және мағлұматтармен алмасу, халықаралық, аймақтық  және ұлттық қызығушы тараптар арасында ортақ шаралар ұйымдастыру мүмкіндіктерін үйрету, тұрақты климат саласында ортақ перспектива құжатын дайындау деп жарияланды.
Бұл конференцияда мемлекеттік және мемлекеттік  емес органдар, ғылыми орталар, халықаралық серіктестер, жан-жақты даму банктері және климаттық өзгерістер саласында, әсіресе оған бейімделу бойынша жұмыс жасайтын азаматтық ұйымдардың 150-ден астам өкілі бас қосады.
Мұнымен қоса, аталмыш конференция халықаралық және аймақтық  сарапшылар мен климаттық өзгерістер саласындағы мамандарға осы салада білім мен мағлұматтармен алмасуға мүмкіндік береді.