Алматыда Еуразия Экономикалық Одағының отырысы өтті
Еуразия Экономикалық одағына (ЕЭО) мүше елдерінің мемлекетаралық кеңесінің отырысы жұма күні Қазақстанның Алматы қаласында өткізіліп, 14 ынтымақтастық жөніндегі құжатқа қол қойылды.
Central Asia News ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан және Армения премьер-министрлері мен Еуразия Экономкалық Комиссиясы төрағасының қатысуымен өткен отырыста үйлестірілген саясаттар механизмі, одаққа мүше елдердің макроэкономикасының шарттары мен тұрақты экономикалық дамуды қамтамасыз ететін ұсыныстар қарастырылды.
Қазақстанның премьер-министрі отырыста сөйлеген сөзінде: "Еуразия экономикалық одағы өткен үш жылдың ішінде айтарлықтай жұмыстарды атқарып, Алматы отырысында мүше елдер арасындағы қатынастарды нығайту мен дамытуға бағытталған маңызды құжаттар бекітті",- деп мәлімдеді.
Еуразия Экономикалық Одағының мемлекетаралық кеңесінің кезекті отырысы келесі жылы Беларусь Республикасының астанасы Минскте өтеді.