Алматыда Еуразия экономикалық одағының отырысы өтті
https://itolqyn.com/news/kazakhstan-i34513-Алматыда_Еуразия_экономикалық_одағының_отырысы_өтті
Қазақстанның Алматы қаласында Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің үкіметаралық кеңесінің отырысы өтті.
(last modified 2025-11-05T11:24:26+00:00 )
Ақп 04, 2018 15:06 Asia/Almaty
  • Алматыда Еуразия экономикалық одағының отырысы өтті

Қазақстанның Алматы қаласында Еуразия экономикалық одағына мүше елдердің үкіметаралық кеңесінің отырысы өтті.

Алматы отырысының соңында қатысушылар 14 ынтымақтастық құжатына қол қойды. Отырысқа Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан мен Арменияның Премьер‑министрлері мен Еуразия экономикалық комиссиясының төрағасы қатысты.

Үкіметаралық кеңестің жиналысы Еуразия экономикалық одағының маңызды отырыстарының бірі саналады. Шын мәнінде бұл кеңесте қабылданған шешімдерді Еуразия экономикалық одағына мүше елдер орындауға міндетті болады.  Сол себепті Алматы отырысы қатысушылар мен аймақтың халықтары үшін аса маңызды болып табылады. Алматы отырысында қол қойылған құжаттардың бірі – өндірілген және экспортталатын тауарлар үшін бірдей заттаңба пайдалану. Бұл құжат Еуразия экономикалық одағына мүше елдерде тауар айналымын көбірек анықтау және бақылау мақсатында Премьер‑министрлер тарапынан бекітілді.  Мұнымен қоса, қаржымен қамтамасыз ету, үкіметаралық жобаларды, әсіресе өндіріс саласындағы экономикалық жоспарларды орындау, осы одақ аясында мүше елдердегі қызметкерлерге зейнетақы беру және іскерлердің жұмыс істеу шарттарын белгілеу Қазақстанда өткен отырыста қол қойылған құжаттардың қатарына жатады. 

Қазіргі таңда Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан мен Армения елдері Еуразия экономикалық одағын құрайды. Ақпарат құралдарында аймақтағы кейбір халқы көп қуатты елдердің осы одаққа қосылуға шақырылғаны туралы ақпараттар жарияланып жатыр. Иран, Үндістан мен Пәкістан Ресей тарапынан Еуразия экономикалық одағына қосылуға ұсыныс алған халқы көп қуатты елдердің қатарына жатады. Қазіргі таңда осы одаққа мүше елдердің ортақ аумағы 20 млн шаршы шақырымнан, ал халқы 180 млн-нан асады. Аталған үш ел Еуразия экономикалық одағына қосылған жағдайда оның аумағы мен халқының саны айтарлықтай артатын болады.

Еуразия экономикалық одағы жұмысының бастапқы кезеңінде Қазақстан сияқты ірілі-ұсақты елдердің осы одаққа мүшеліктен көбірек пайда көретіндігінде күмән жоқ. 2018 жылдың 1 ақпанынан бастап Еуразия экономикалық одағының кедендік заңы өз күшіне енді.  Бұл салада Орта Азия мәселелері жөніндегі көрнекті сарапшы Виктор Борзов: «Тәжікстан сияқты ұсақ елдердің Еуразия экономикалық одағына қосылудан алатын ең маңызды жетістігі – бұл елдің еңбек мигранттарының одақ аумағында еркін қатынауы және жұмысқа рұқсат алу үшін қаражат төлеуден босатылуы. Мұнымен қоса, Тәжікстанның еңбек мигранттары Ресей, Қазақстан, Беларусь сияқты елдердің азаматтарымен бірдей сақтандыру, медициналық қызмет алу, емделу мен зейнетақы алу құқығына ие болады»,-деді.

Қырғызстан университетінің ұстазы әрі Орта Азияның экономикалық мәселелері жөніндегі сарапшысы Айдарбек Кочканов Қырғызстанның Еуразия экономикалық одағына қосылғанын назарға алып: «Осы одақтың мүшелері мәдениет, тарих пен экономикалық құрылымы тұрғысынан бір-біріне жақын. Мүше елдердің дамуы аймақтың қауіпсіздігінің нығаюына себеп болады»,-деді. 

Еуразия экономикалық одағына жаңа мүшелер қосылса, оның әлемде ең ірі халықаралық одаққа айналары сөзсіз. Ал Еуразия экономикалық одағының жаңа қаулылары бойынша бұл одақтың қаржы-экономикалық қуаты да айтарлықтай артатын болады.