Қазақстанда рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін алғашқы орталық салынып жатыр
Отбасындағы аналардың орнын нығайту мақсатында Қазақстанда «Аналарға тағзым» атты рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін алғашқы орталық салынып жатыр.
Fars ақпарат агенттігінің хабарлауы бойынша, Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың бұйрығымен «Аналарға тағзым» атты рухани-адамгершілікке тәрбиелейтін алғашқы орталық салынып жатыр.
Аталмыш орталықтың жұмысының негізгі мақсаты – қазақтың танымал әйелдерінің өмірлері мен құнды жұмыстарын таныстырып, отбасында әйелдің орнын күшейту, болашақ аналарды қазақтың әдет-ғұрыптары негізінде тәрбиелеу
«Туған жер» ұйымдастыру комитетінің төрайымы Сәния Қалдығұлова осы жобаға сілтеме жасап: «Бұл алғашқы орталық елде ерекше мақсатпен жұмыс істейтін болады. Оның негізгі мақсаты – қазақтың бүкіл аналарына құрмет көрсету. Орталықтың ерекшеліктерінің бірі көрме салоны болады. Онда жұрт Қазақстанның танымал әйелдерінің өмір жолдары мен жұмыстарымен таныса алады» деді.