2017 жылы Қазақстанның мұнайдан тыс экспорты артты
Қазақстанның Ұлттық экономика министрі 2017 жылы елдің мұнайдан тыс экспортының 22 пайызға артқанын хабарлады.
"Fars" агенттігінің мәліметі бойынша, Қазақстанның Ұлттық экономика министрінің орынбасары Бауыржан Бекешев елдің мұнайдан тыс өнімдерінің 2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда 22 пайызға артқаны туралы хабарлап: "2017 жылы 2016 жылмен салыстырғанда мұнайдан тыс өнімдердің экспорты 22 пайызға артып, 14 миллиард доллардан асты. Қазақстан өзінің мұнайдан тыс таурларын шамамен бүкіләлемдік нарыққа жібереді",- деді.
Қазақстанның Ұлттық экономика министрінің орынбасары елдің экономикалық құрылымындағы өзгерістер мен сыртқы факторлардың экспорттың дамуына себеп болғанына тоқталып: "2017 жылы ұлттық экспорттық стратегия елдің экспортын арттыру мақсатында бекітілді",- деді.